jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Ақордада Конго президенті Дени Сассу-Нгессоны қарсы алды (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Дени Сассу-Нгессо
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Дени Сассу-Нгессо. Фото: akorda.kz

    "Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны "Ақорда" резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

    Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

    Еске салсақ, бұған дейін Ақорда өкілдері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері елімізге Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо ресми сапармен келетінін хабарлаған еді.

    2 тамызда елордаға Конго президенті Денис Сассу Нгуессо мемлекеттік сапармен келді, оны әуежайдан премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин күтіп алды.

    Тоқаев Ақордада Конго президенті Дени Сассу-Нгессоны қарсы алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.