jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    СІМ қазақстандықтарды Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға шақырды

    Сыртқы істер министрлігі
    Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: gov.kz

    Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға шақырды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды

    "Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына аталған өңірдегі ахуал тұрақтанғанға дейін Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға ұсыным береді.

    Қазіргі уақытта аталған елдерде жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса үйлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі және Израиль мен Ливандағы елшіліктерімен байланыста болуды сұраймыз", - делінген хабарда.

    Қосымша ақпарат алу немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда аталған елдерде жүрген Қазақстан азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлері арқылы шұғыл байланысқа шыға алады:

    • ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері:

    +7 7172 720111 (кезекші дипломат)

    +7 705 4433332 (ұялы телефон, WhatsApp)

    • Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

    +972 (3) 503 78 85 (кезекші)

    +972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)

    • Қазақстан Республикасының Ливандағы Елшілігінің байланыс нөмірлері:

    + 961 04 713 447 (кезекші)

    + 961 70 069 977 (ұялы телефон, WhatsApp)

    + 961 71 116 004 (ұялы телефон, WhatsApp)

    СІМ қазақстандықтарды Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.