jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Сыртқы істер министрлігі Бангладештегі жағдайға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

    Бангладештегі наразылық. Фото
    Бангладештегі наразылық. Фото: Kazi Salahuddin Razu/NurPhoto via Getty Images

    Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін барудан уақытша бас тартуды ұсынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Сыртқы істер министрлігі Бангладештегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына елге баруды уақытша тоқтата тұруды ұсынды.
    • Министрлік Бангладештегі Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын күшейтуді, сақ болуды және жергілікті билік ұсынымдарын орындауды сұрады.
    • Азаматтар қосымша ақпарат алу үшін ҚР СІМ-нің және Үндістандағы ҚР Елшілігінің байланыс нөмірлері арқылы хабарласа алады.

    "Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтар қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

    Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлер арқылы шұғыл хабарласа алады

    ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері: +7 (7172) 720111 (кезекші дипломат) +7 705 443 33 32 (ұялы телефон, WhatsApp

    Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің байланыс нөмірлері: +91 1145 555 106 +91 9667 118 363

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.