jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Шавкат Мирзиеевті "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті "Алтын Қыран" орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевті "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.
    • Тоқаев Мирзиеевті "Өзбек елінің нағыз көшбасшысы, халықаралық деңгейдегі саясаткер" деп атап, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың даму деңгейін атап өтті.
    • Мирзиеев марапатты "екі халық арасындағы достық пен тату көршілік қатынастарды арттыруға қосқан бірлескен күш-жігерге берілген баға" деп бағалады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентіне Қазақстан Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденін табыс етті.

    Мемлекет басшысы Қазақстанда Шавкат Мирзиеевті Өзбек елінің нағыз көшбасшысы, халықаралық деңгейдегі саясаткер, екі халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танитынын және құрметтейтінін айтты.

    "Егемен ел ретінде даму жылдарында екі мемлекет арасында жан-жақты серіктестік пен стратегиялық одақтастық жолға қойылды. Берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. Шекараны толықтай шегендеп алдық. Өзара сенімді саяси диалогтың арқасында біз сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды қарқынды түрде ілгерілетіп келеміз. Негізгі халықаралық құрылымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі қазақ-өзбек қатынастары үлгі етуге тұрарлық әрі нағыз бауырластық деңгейде", - деді президент.

    Шавкат Мирзиеев өзін Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен бауырлас қазақ халқына ризашылығын білдірді.

    "Бұл марапатты екі халық арасында ғасырлар бойы жалғасқан шынайы достық және тату көршілік қатынастарды арттыруға қосқан бірлескен күш-жігерімізге берілген лайықты баға деп санаймын. Қазақстан біздің ең жақын, сенімді әрі уақыт сынынан өткен серіктесіміз", - деді Шавкат Мирзиеев.

    Тоқаев Шавкат Мирзиеевті "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.