jitsu gif
Саясат

    Орталық Азия елдері мен Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары "Достық кеші" гала-концертін тамашалады

    Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшылары
    Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшылары. Фото: Ақорда

    Орталық Азия және Әзербайжан мемлекет басшылары "Достық кеші" гала-концертін тамашалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан президенттерімен бірге мәртебелі меймандардың құрметіне ұйымдастырылған "Достық кеші" гала-концертін тамашалады.

    Мемлекеттер басшылары "Астана опера" вестибюлінде "Шығармашылық жаңғырығы" көрмесімен танысты. Көрмеге танымал қазақстандық суретшілердің туындылары және Орталық Азия елдері бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектері қойылған.

    Концерттік бағдарлама аясында қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, әзербайжан халықтарының әндері мен билері орындалды. Сондай-ақ көрермендердің назарына ұлттық музыкалық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен "Достық" дивертисменті ұсынылды.

    Орталық Азия елдері мен Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары "Достық кеші" гала-концертін тамашалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.