jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассермен кездесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Сулейман әл-Джассер кездесті
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Сулейман әл-Джассер кездесті. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассерді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Әңгімелесу барысында ел экономикасының өсімін ынталандыру мақсатында өзара тиімді ынтымақтастық құру перспективалары талқыланды.

    Мемлекет басшысы Ислам даму банкі Қазақстанның орнықты дамуға ұмтылысы жолында сенімді серіктес болып келе жатқанына назар аударды.

    Банкпен ынтымақтаса жұмыс істеген жылдар ішінде жалпы инвестиция көлемі 2 миллиард долларға жуықтайтын 70-тен астам бірлескен жоба жүзеге асырылды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев аталған банкпен арадағы Стратегиялық негізгі келісімнің жаңаруын құптады. Оның аясында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және индустриялық жобаны жүзеге асыру үшін қосымша қаржылай қолдау шарттары қарастырылған.

    Өз кезегінде Мұхаммед Сулейман әл-Джассер бірлескен жобалардың жүзеге асырылуын оң бағалап, Қазақстан экономикасын әртараптандыру ісіне одан әрі атсалысуға дайын екенін жеткізді.

    Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассермен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.