jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
    Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.

    Айта кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.

    Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көреді. Сондай-ақ бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.