Саясат

Зектілері

Тоқаев БРИКС саммитінде Путинмен және басқа да әлемдік көшбасшылармен кездесті (фото, видео)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығында Владимир Путинмен және басқа да әлемдік көшбасшылармен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей президенті Владимир Путин қарсы алды.

Мемлекет басшысы БРИКС-тің XVI саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің XVI саммиті аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен, Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен, Лаос президенті Тхонглун Сисулитпен, Конго президенті Дени Сассу-Нгессомен және Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.

Айта кетейік, 23 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Қазан қаласына іс-сапармен барды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен келді", - делінген хабарламада.

Сапар аясында Қазақстан президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2178170-toqaev-briks-ting-xvi-sammiti-otip-zhatqan-qazan-ekspo-halyqaralyq-korme-ortalygyna-bardy/