Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады
Опубликовано:
28-29 қазан күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мемлекет басшысы президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Моңғолияның ұлы мемлекеттік хуралының төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.
Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2178954-toqaev-monggoliiaga-memlekettik-saparmen-barady/