Саясат

Зектілері

Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петр Павел
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петр Павел. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтаған болатын.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2179413-toqaev-petr-paveldi-cheh-respublikasynyng-tauelsizdik-kunimen-quttyqtady/