jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев пен Макрон Елисей сарайының бағында Жюль және Жанна атты тазы иттермен серуендеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Эммануэль Макрон
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон. Фото: t.me/bort_01

    Елисей сарайының бағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон тазы иттермен серуендеп бейресми әңгіме өрбітті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы Борт №1 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Мемлекеттер басшылары Елисей сарайы бағындағы серуенге Жюль және Жанна атты тазыларды ертіп шықты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон. Фото: t.me/bort_01

    Бұл асыл тұқымды тазыларды былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің Қазақстанға жасаған сапары кезінде сыйға тартқан болатын.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Эммануэль Макрон
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон. Фото: t.me/bort_01

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Эммануэль Макрон
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон. Фото: t.me/bort_01

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Эммануэль Макрон
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон. Фото: t.me/bort_01

    Еске сала кетейік, 2024 жылы ақпан айында Қасым-Жомарт Тоқаев Эммануэль Макронға тазының күшіктерін сыйлаған еді.

    Ақорда мәліметінше, Франция президенті 2023 жылғы қараша айында Астанаға сапары барысында Қазақстан басшысының шақыруымен "Этноауыл" көрмесін тамашалағанын, ол жерде тазыларды ерекше ұнатқанын атап өтті. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев француз әріптесіне тазы ит сыйлауға уәде берді.

    Осылайша бес айлық екі күшік Парижге жеткізілді. Үй жануарларын ветеринарлар тексеріп, уақытша карантинге алды. Сонымен қатар француз тарапына тазы бағу, азықтандыру бойынша кеңес берілген. Күшіктерге Жюль және Жанна есімдері қойылған.

    Тоқаев пен Макрон Елисей сарайының бағында Жюль және Жанна атты тазы иттермен серуендеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.