jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Макрон Тоқаевтың құрметіне Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронның атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауға қатысты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай Франция президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық көрсеткені және достық пейілдері үшін ризашылық білдірді.

    Мемлекеттік қабылдауға Францияның үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.

    Салтанатты кеш соңында Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевқа үстел теннисінен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Алексис Лебренді таныстырды.

    Макрон Тоқаевтың құрметіне Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.