jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды (фото)

    Тоқаев Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды
    Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Будапешт әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты премьер-министр Виктор Орбан қарсы алды.

    Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен және Премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды.

    Сонымен қатар президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

    Еске салсақ, бұған дейін президенттің Сербияға жасаған ресми сапары аяқталған болатын.

    Тоқаев Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.