jitsu gif

    Тоқаев Будапештте қазақстандық студенттермен сөйлесті (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен
    Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен жүздесті. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы арнасында пайда болған мәліметке сай, мемлекет басшысы Будапештте Венгрияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен сөйлесті.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Венгрияға келді. Оны Будапешт әуежайында Виктор Орбан күтіп алды.

    Ақорданың хабарлауынша, сапар барысында Тоқаев Президент Тамаш Шуйокпен және Премьер-Министр Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді, оның барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективалары талқыланады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.