jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаевтың Мажарстанға сапары құрметіне салтанатты қабылдау өтті (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан. Фото: Ақорда

    Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанның атынан салтанатты қабылдауға қатысты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Мажарстан премьер-министрінің кеңсесі орналасқан ғимаратта мемлекеттік сапармен келген Қазақстан президентінің құрметіне салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ делегациясына көрсеткен қонақжайлығы мен достық пейілі үшін Виктор Орбанға ризашылығын білдірді.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Венгрияға келді. Оны Будапешт әуежайында Виктор Орбан күтіп алды.

    Сондай-ақ іс-сапары кезінде мемлекет басшысы Будапештте қазақстандық студенттермен кездесіп, сөйлескен болатын.

    Тоқаевтың Мажарстанға сапары құрметіне салтанатты қабылдау өтті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.