jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алдағы күндері Қазақстанға Владимир Путин келеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин. Фото: Telegram/Bort_01

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады.

    28 қараша күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

    Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен болатын.

    Алдағы күндері Қазақстанға Владимир Путин келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.