jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Лаос президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

    Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Республикасының президенті Тхонглун Сисулитті және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

    Сондай-ақ Қазақстан президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.

    Тоқаев Лаос президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.