jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Сауд Арабиясына ұшып келді (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына One Water саммитіне қатысу үшін барған.

    "Халықаралық форум Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банк тобының қолдауымен өтеді", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эр-Риядта бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

    Самиттің ресми сайтында One Water жиыны 3 желтоқсанда Эр-Риядта өтетіні айтылған.

    Саммиттің мақсаты – БҰҰ-ның 2026 жылы өтетін су жөніндегі келесі конференциясына дайындық кезеңі аясында шешімдер инкубаторы ретінде әрекет ету.

    Тоқаев Сауд Арабиясына ұшып келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.