jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп және Мелания Трамп
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп және Мелания Трамп. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайлануымен құттықтады.

    Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады.

    Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.

    Тоқаев АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.