jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев Хорватия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Зоран Миланович
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Зоран Миланович. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдаған.

    Қазақстан президенті жеделхатта Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалаған.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.