jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Көктемде Қазақстаннан Қытайға, Вьетнамға және Мысырға жаңа рейстер ашылады

    Ұшақ
    Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстаннан Қытайға, Вьетнамға және Мысырға жаңа рейстер ашылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Министрліктің мәліметінше, биылғы жылдың наурыз айынан бастап Air Astana әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет жиілікпен Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады.

    Көктемгі-жазғы маусымынан бастап Air Cairo әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашу, сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарланып отыр.

    "Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", - делінген хабарламада.

    Көктемде Қазақстаннан Қытайға, Вьетнамға және Мысырға жаңа рейстер ашылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram