Саясат

Зектілері

Көлік министрлігінің өкілдері Үндістанға қатынайтын жолаушыларға жағымды жаңалықты жеткізді

Жарияланған күні:

Әуежайдағы жолаушылар
Әуежайдағы жолаушылар. Көрнекі фото: d3sign/Getty Images

Үндістанға әуе қатынасы кеңейеді. Сәуір айынан бастап Air Astana әуекомпаниясы Алматы - Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшулар санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізәп жатыр.

"Туризмді дамыту мақсатында биылғы жылдың 20 сәуірінен бастап Air Astana әуекомпаниясы Алматы - Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады. Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтарында орындалады. Осылайша, елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуе компаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Алматы - Дели (Air Astana және IndiGo әуекомпаниялары аптасына 7 рейс орындайды), Алматы - Гоа (SCAT – 2 рейс) және Астана - Гоа (Fly Arystan – 2 рейс) бағыттарында тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.

"Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", - деп қосты министрлік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2216127-kolik-ministrligining-okilderi-undistanga-qatynaityn-zholaushylarga-zhagymdy-zhangalyqty-zhetkizdi/