jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкенттен Еуропаның танымал қаласына әуе рейсі ашылады

    ұшақ
    Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    2025 жылғы 27 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент - Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.

    Осылайша, биыл 27 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент - Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстердің орындалу жиілігі: "Boeing 737" үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына екі рет (сейсенбі және сенбі күндері)", - делінген хабарламада.

    Хабарламада әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететіні айтылған.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Көлік министрлігінің өкілдері биылғы жылдың сәуір айынан бастап Алматы - Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашылатынын хабарлаған еді.

    Шымкенттен Еуропаның танымал қаласына әуе рейсі ашылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.