jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Астана - Дели бағыты бойынша тікелей рейс ашылады

    Астана әуежайы
    Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Биыл Үндістан мен Қазақстан астаналары арасында жаңа бағыт іске қосылады. Аптасына үш рейс орындалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

    Көлік министрлігі️нің хабарлауынша, 5 ақпанда Қазақстанның авиациялық билігі Астана қаласының халықаралық әуежайы өкілдерінің қатысуымен "Indigo" үнді "лоу-кост" әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.

    "Биыл 14 мамырдан бастап "Indigo" әуе компаниясы Астана – Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рет орындалады.

    ️Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді". - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар бұған дейін хабарланғандай, Air astana әуе компаниясы осы жылдың 20 сәуірінен бастап "Airbus" үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 3 рет Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.

    Жалпы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде елдер арасындағы жолаушылар рейстерінің 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғаюы күтіліп отыр.

    Қазіргі уақытта тұрақты әуе қатынасы Алматы – Дели ("Эйр Астана" - аптасына 7 рейс, "IndiGo" - аптасына 7 рейс), Алматы – Гоа (SCAT – 2), Астана – Гоа (FlyArystan – 2) бағыттары бойынша орындалады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.