RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Ресми сапармен келген Тоқаевты Иордания королі қалай қарсы алды

Жарияланған күні:

Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Әл-Хусейния сарайында Қазақстан президентін король II Абдалла бен әл-Хусейн мен тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алған.

Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда құрмет қарауылы сап түзеп тұрған. Сондай-ақ әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындаған.

Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барған.

Естеріңізге сала кетейік, 18 ақпанда мемлекет басшысы Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды.

Сапар аясында король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2222103-resmi-saparmen-kelgen-toqaevty-iordaniia-koroli-qalai-qarsy-aldy-foto/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif