jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Ердоғанды туған күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірген.

    Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылаған.

    Бүгін түрік басшысы 71 жасқа толды.

    Айта кетейік, соңғы рет Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Бакуде төрінде Дүниежүзілік климат саммиті кезінде кездескен еді.

    Тоқаев Ердоғанды туған күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.