Тоқаев Путин мен Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзіне қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Путин мен Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ақорда.
"Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды. ️Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаны Украина бойынша "Бейбітшілік формуласын" әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бүгін Астана уақытымен сағат кешкі 19:00-де Путин мен Трамп телефон арқылы тілдескен болатын. Олардың әңгімесі 1,5 сағаттан астам уақытқа созылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2229177-toqaev-putin-men-tramptyng-ukraina-boiynsha-telefon-arqyly-kelissozine-qatysty-pikir-bildirdi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде