Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Президенттер екі ел арасындағы достыққа, тату көршілікке және одақтастыққа негізделген мемлекетаралық байланыс қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2249952-memleket-basshysy-vladimir-putinmen-telefon-arqyly-soilesti/