Келесі аптада Қазақстанға Си Цзиньпин келеді
Опубликовано:

Келесі аптада Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"16-17 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады", - делінген хабарламада.
17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші "Орталық Азия – Қытай" саммиті өтеді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2254172-toqaevtyng-shaqyruymen-qazaqstanga-si-tszinpin-keledi/