jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Қытай мен Орталық Азия елдерінде 2026 жылды "білім беру мен ғылыми зерттеулер жылы" деп жариялауды ұсынды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Астанада өтіп жатқан "Орталық Азия-Қытай" екінші саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиямен ынтымақтастыққа арналған атаулы жылдар ұйымдастыру бастамасына қолдау білдіріп, келесі жылға қатысты ұсыныс жасады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысы Орталық Азия мен Қытай халықтарының арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары қарқынына тоқталды

    Мәдени орталықтардың ашылуы, креативті индустрия мен туризм салаларының дамуы осы бағыттағы басты басымдықтар ретінде аталды.

    "Сиань қаласынан Алматы шаһарына қатынайтын алғашқы туристік пойыздың іске қосылуын құптаймыз. "Қазақстандағы Қытай туризмі жылына" орайластырылған бұл оқиға ғасырлар бойы Еуразия аумағында тауарлар мен идеялардың толассыз алмасуына дәнекер болған Ұлы Жібек жолының рухын жаңғыртады", – деді президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мен Шанхай қалалары, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың бірқатар өңірі арасында бауырластық қарым-қатынас орнағанын қуаттады.

    Мемлекет басшысы Қытай тарабының Орталық Азиямен ынтымақтастыққа арналған атаулы жылдар ұйымдастыру бастамасына қолдау білдіріп, келесі жылды "Білім беру және ғылыми зерттеулер жылы" деп жариялауды ұсынды. Бұл қадам елдеріміздің гуманитарлық ықпалдастығын жандандырады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.