jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы": АҚШ-тың Иранға шабуылынан кейін Қазақстан мәлімдеме жасады

    Сыртқы істер министрлігі ғимараты
    Сыртқы істер министрлігі ғимараты. Фото: СІМ

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚШ Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасағаннан кейін Таяу Шығыстағы ахуал бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалуда.

    Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі саладағы ынтымақтастықты дамытуда. Мемлекетіміз барлық келіспеушілікті, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды.

    Барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

    "Халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы": АҚШ-тың Иранға шабуылынан кейін Қазақстан мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.