jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиеев
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Өзбекстан Ппезиденті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысы Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тілеген.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевтің беделді көшбасшылығының арқасында Өзбекстан дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеуметтік-экономикалық салада елеулі жетістікке жеткенін атап өткен.

    Әңгімелесу барысында екі ел арасында сенімге, тату көршілік байланыстарға және өзара қолдауға негізделген стратегиялық және одақтастық қатынастар қалыптасқанына назар аударылған. Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен ғылым-білім саласындағы серіктестік нығайып келеді.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүкіл Орта Азияның орнықты дамуы көбіне екі мемлекеттің өзара ықпалдастығына тікелей байланысты. Осыған орай тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы бағыттарындағы бірлескен жобаларды ілгерілету үшін нақты шаралар қабылдап жатыр.

    Сондай-ақ әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев өңірлік кооперацияның өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, екіжақты форматта және халықаралық іс-шаралар аясында жоспарланған жоғары деңгейдегі кездесулер кестесін қарастырған.

    Айта кетейік, Өзбекстан президенті бүгін 68 жасқа толды.

    Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.