Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады
Опубликовано:
29 шілде күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.
Айта кетелік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде кездескен еді.
Ол кезде мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында бір-біріне қолдау көрсету жөнінде уағдаласқан болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2268765-toqaev-erdogannyng-shaqyruymen-turkiiaga-resmi-saparmen-barady/