Енді кей қазақстандықтар Кариб теңізі жағалауындағы елге визасыз бара алады
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстан мен Гренада визасыз режим туралы келісімге қол қойды, бірақ әзірге бұл келісім ресми тұлғалар мен дипломаттарға ғана қатысты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров және Гренаданың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ингрид Джексон Қазақста үкіметі мен Гренада үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелері үшін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды.
Халықаралық шарт екі елдің ресми тұлғалары мен дипломаттары үшін 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз кіруді көздейді. Бұл қадам Қазақстан мен Гренада арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтуға және достық қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған.
Келісім белгіленбеген мерзімге жасалды және тараптар тиісті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі еліміздің шетелдегі мекемелерімен бірлесе отырып, Қазақстан азаматтарын визалық талаптардан босататын мемлекеттердің географиясын кеңейту бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.
Қазақстан мен Гренада арасындағы дипломатиялық қатынастар 2012 жылғы қарашада орнатылды. Гренада – Кариб теңізінің оңтүстік шығысында аттас аралда және Кіші Антиль архипелагындағы алты іргелес шағын аралдарда орналасқан арал мемлекеті. Гренада экономикасының ең дамыған саласы – туризм. 2023 жылы елге 500 мыңнан астам турист келді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2277803-endi-kei-qazaqstandyqtar-karib-tengizi-zhagalauyndagy-elge-vizasyz-bara-alady/