jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қытай Қазақстанға 7,5 млрд теңге көлемінде қайтарымсыз грант береді: ол неге жұмсалады

    Қазақстан мен Қытай туы
    Қазақстан мен Қытай туы. Көрнекі фото: akorda.kz

    Қытай Қазақстанға 100 млн юань көлемінде қайтарымсыз грант беруі мүмкін – бұл 7,5 млрд теңге. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы Техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы қаулы қоғамдық талқылауға шығарылды.

    Құжатқа сәйкес, Қытай қазақстандық тарапқа 100 млн юань (шамамен 7,5 млрд теңге) көлемінде қайтарымсыз грант бөледі, ол Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға жұмсалады.

    Келісімнің мақсаты – бәсекеге қабілеттілікті, инвестициялық ахуалды жақсарту және елдің ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетін арттыру үшін Қазақстанға қосымша инвестициялар тарту.

    Құжат жобасы 24 тамызға дейін талқыланбақ.

    Қытай Қазақстанға 7,5 млрд теңге көлемінде қайтарымсыз грант береді: ол неге жұмсалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.