jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаевпен кездескен Зеленский Қазақстанға алғыс айтты (видео)

    Тоқаев пен Зеленский
    Тоқаев пен Зеленский. Фото: Ақорда

    Украина президенті Владимир Зеленский Х желісіндегі парақшасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі туралы жазып, Қазақстанға алғыс білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездестім. Ендігі басты міндет – сенімді қауіпсіздік кепілдігі бар әділ және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу", - деді ол.

    Мемлекет басшылары Украинаның, АҚШ-тың, Еуропаның және дүние жүзіндегі басқа серіктестердің қақтығысты тоқтатуға ат салысуы мәселесін талқылады.

    Тараптар сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіруге қатысуға қызығушылық білдіруі мәселелерін талқылады.

    "Мен Қазақстанға Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс айтамын", - деп жазды Зеленский.

    Тоқаевпен кездескен Зеленский Қазақстанға алғыс айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram