jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Өте сирек: Песков Тоқаев пен Путиннің келіссөзі Ресей президентінің пәтерінде жалғасуына қатысты пікір білдірді

    Дмитрий Песков
    Дмитрий Песков. Фото: Sergei Babylov / Getty Images

    Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен Қазақстан президенттерінің бейресми жағдайда өткен келіссөздері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Әділ Балтабаевқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Песковтің айтуынша, Путин келіссөздерді Кремльдегі пәтерде жалғастыру туралы ұсынысты өте сирек жасайды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін Ресей президентінің пәтерінде Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин болған.

    "Путин мен Тоқаевтың жылы достық қарым-қатынасы көшбасшыларға ең маңызды мәселелерді еркін әрі ашық жағдайда талқылауға мүмкіндік береді", - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.

    Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барғанын жазған едік. Мемлекет басшысының бортын шекарадан Ресей Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қарсы алды.

    Тоқаев пен Путин Кремльде бейресми кездесу өткізді.

    Екі ел президенті келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды.

    Ақорданың хабарлауынша, кездесу аяқталғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жылы қоштасты.

    Өте сирек: Песков Тоқаев пен Путиннің келіссөзі Ресей президентінің пәтерінде жалғасуына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.