jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметінен кетеді

    Иманғали Тасмағамбетов
    Иманғали Тасмағамбетов. Фото: t.me/odkb_csto

    Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) 27 қарашада ұйымның жаңа бас хатшысының кандидатурасы қарастырылатынын мәлімдеді. Қазір бұл лауазымды Иманғали Тасмағамбетов иеленіп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ҰҚШҰ-ның мәліметінше, 27 қарашада Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді.

    Отырысқа қатысушылар бірлескен жұмыс бойынша өзекті мәселелерді, соның ішінде есірткінің заңсыз айналымы мен заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастықты нығайтуды талқылайды.

    "ҰҚШҰ-ның ҰҚК сессиясында, атап айтқанда, мүше мемлекеттердің қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер жөніндегі ортақ көзқарасы көрсетілетін декларацияны қабылдау және алдағы үш жылдық кезеңге (2026-2029 жылдар) ҰҚШҰ-ның бас хатшысы лауазымына кандидатураны қарастыру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның бас хатшысы лауазымын 2023 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

    Ол бұл қызметте Беларусь елінің өкілі Станислав Засьты алмастырған еді.

    Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметінен кетеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.