jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Иманғали Тасмағамбетовтің орнына ҰҚШҰ-ның бас хатшысы болып кім тағайындалғаны белгілі болды

    Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы
    Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы. Фото: Ақорда

    Бішкекте ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегация мүшелерімен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысқан.

    Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан көшбасшылары ұйымға мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарастырып, биылғы ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттарын қорытындылаған. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдықтарды анықтаған.

    Президенттер ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымындағы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс айтқан.

    Жиын барысында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты тағайындау туралы шешім бекітілген.

    Отырыс қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданған. Сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жан-жақты жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылған.

    Айта кетелік, Таалатбек Масадыков қазір ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып отыр.

    Ал Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның бас хатшысы ретіндегі қызметін 2023 жылғы қаңтардан бері атқарып келді.

    Ол бұл қызметте Беларусь елінің өкілі Станислав Засьты алмастырған болатын.

    Иманғали Тасмағамбетовтің орнына ҰҚШҰ-ның бас хатшысы болып кім тағайындалғаны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.