jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Иманғали Тасмағамбетов Қырғызстан президентінің қолынан марапат алды (видео)

    Иманғали Тасмағамбетов және Садыр Жапаров
    Иманғали Тасмағамбетов және Садыр Жапаров. Фото: ҰҚШҰ

    Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының I дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды. Марапатты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров табыс етті, деп хабарлайды ҰҚШҰ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Садыр Жапаров Иманғали Тасмағамбетовке ҰҚШҰ-ның бас хатшысы ретінде атқарған жемісті жұмысы үшін алғыс айтты.

    Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметінен кететіні белгілі болған еді.

    Тасмағамбетов бұл қызметті 2023 жылғы қаңтардан бері атқарып келді.

    Бүгін Бішкекте ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында онын орнына кім тағайындалатыны бекітілді.

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыков атқарады.

    Иманғали Тасмағамбетов Қырғызстан президентінің қолынан марапат алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.