jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылайды

    Қазақстан және ЕО туы
    Қазақстан және ЕО туы. Иллюстрациялық фото: Dursun Aydemir / Anadolu Agency via Getty Images

    Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев "Қазақстан – Еуропалық одақ" ынтымақтастық кеңесінің 22-ші отырысына қатысты. Жиында бүгін тараптар Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    СІМ басшысы Ермек Көшербаев пен Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Калластың төрағалығымен өткен кеңесте адамдар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылған.

    "Тараптар 2 желтоқсанда Брюссельде ҚР азаматтары үшін ЕО визалық режимін жеңілдету және реадмиссия туралы келіссөздерді бастауды құптады.

    Бұл қадам гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, студенттер, ғалымдар мен кәсіби мамандар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, сондай-ақ азаматтардың мобильдігін арттыруға елеулі үлес қосады", - делінген хабарламада.

    Кездесу барысында Ермек Көшербаев пен Кая Каллас саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда мен инвестицияларды дамытуға, өңірлік өзара байланыстылықты арттыруға және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге бейілді екенін растаған.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл наурызда Астанаға жасаған сапарында Кая Каллас Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімді бекіту үдерісі басталғанын мәлімдеген еді.

    Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.