Иран президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Опубликовано:
10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
"Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, өткен аптада Астанаға Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан телефон арқылы сөйлесіп, алдағы кездесулердің кестесін талқылағанын хабарлағанбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2317643-qazaqstanga-iran-prezidenti-resmi-saparmen-keledi/