jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка, кілт": Трамп Тоқаевқа сыйлық жіберді (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп. Фото: Ақорда

    АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлемдеме жолдады. Бұл туралы Қазақстан президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Руслан Желдібайдың Telegram-дағы арнасында хабарлауынша, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов президент Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелескен.

    Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерін бөліскен.

    "Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты "халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам" деп сипаттады", - деді Руслан Желдібай.

    Сондай-ақ АҚШ президенті мемлекет басшысына сый-сыяпат жасап, сәлемдеме жолдаған. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.

    Трамптың Тоқаевқа сыйлығы
    Трамптың Тоқаевқа сыйлығы. Фото: t.me/ruslanzheldibay

    Трамптың Тоқаевқа сыйлығы
    Трамптың Тоқаевқа сыйлығы. Фото: t.me/ruslanzheldibay

    Трамптың Тоқаевқа сыйлығы
    Трамптың Тоқаевқа сыйлығы. Фото: t.me/ruslanzheldibay

    Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсанда Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі Мағжан Ильясов президент Дональд Трампқа сенім грамотасын табыстады.

    "Өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка, кілт": Трамп Тоқаевқа сыйлық жіберді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram