jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметінен ресми түрде кетті

    Иманғали Тасмағамбетов
    Иманғали Тасмағамбетов. Фото: t.me/odkb_csto

    Бүгіннен бастап Иманғали Тасмағамбетовтің орнына Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы қызметіне Таалатбек Масадыков кірісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    2025 жылы қарашада Иманғали Тасмағамбетовтің Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы қызметінен кететіні мәлім болды. Оның орнына 2026 жылдың 1 қаңтарында қырғызстандық Таалатбек Масадыков келетіні хабарланған еді.

    Бүгін ҰҚШҰ сайтында ҰҚШҰ Бас хатшысы ретінде таныстырылған Таалатбек Масадыковтың Жаңа жылдық құттықтауы жарияланды. Осылайша Иманғали Тасмағамбетов ресми түрде қызметінен кетті.

    Естеріңізге сала кетейік, Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның бас хатшысы лауазымын 2023 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

    Ол бұл қызметте Беларусь елінің өкілі Станислав Засьты алмастырған еді.

    Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметінен ресми түрде кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.