Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 3 ақпанда Пәкістан ислам республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың хабарлауынша, Пәкістан ислам республикасындағы президенттің мемлекеттік сапары екі күнге созылады.
"Сапар аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Шахбаз Шарифпен және президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы наурызда Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Асиф Али Зардариге құттықтау жеделхатын жолдаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2338329-toqaev-pakistanga-memlekettik-saparmen-barady/