jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Пәкістан президенті болып сайланған Асиф Али Зардариді құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асиф Али Зардари
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асиф Али Зардари. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардариді Пәкістан президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Ақорда ақпаратынша, мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Асиф Али Зардариге құттықтау жеделхатын жолдады.

    "Сіз мол өмірлік тәжірибеңіз бен көреген саясатыңыздың арқасында еліңіздің одан әрі өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатыныңызға сенімдімін. Біз Пәкістанмен арадағы шынайы достық пен өзара құрметке негізделген берік серіктестікті жоғары бағалаймыз. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз деп үміттенемін", – деп жазылған жеделхатта.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардаридің бастамаларына табыс, ал Пәкістан халқына бақ-береке тіледі.

    Тоқаев Пәкістан президенті болып сайланған Асиф Али Зардариді құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.