Ақорда Тоқаевты Рамазан айымен құттықтаған шет елдер көшбасшыларының тізімін жариялады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мемлекет басшысына қасиетті Рамазан айының басталуына орай бірқатар елден құттықтау жеделхаттары келіп түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтау жеделхаттары келіп түсті.
Мемлекет басшысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, БАӘ президенті Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Вице-президент, БАӘ премьер-министрінің орынбасары және президент әкімшілігінің басшысы Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Палестина президенті Махмұд Аббас және басқалары құттықтады.
Президенттің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2346145-aqorda-toqaevty-ramazan-aiymen-quttyqtagan-shet-elder-koshbasshylarynyng-tizimin-zhariialady/