jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Референдум-2026: Украина мен Эфиопияда дауыс беру учаскелері ашылмайтын болды

    дауыс беру
    Дауыс беру. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Орталық референдум комиссиясында өткен отырыста Сыртқы істер министрлігінің өкілдері шетелде дауыс беру учаскелерінің саны алдыңғы референдуммен салыстырғанда неліктен аз болатынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ерлан Әлімбаевтың айтуынша, бұған дейін шетелде 82 учаске ашу жоспарланған.

    "Алайда, өздеріңіз байқағандай, 62 елде 80 сайлау учаскесі ашылады. Бұл халықаралық геосаяси жағдайға байланысты. Атап айтқанда, Украинада отандастарымыздың саны азайғандықтан, Украина мен Эфиопияда екі сайлау учаскесін ашпау туралы шешім қабылданды. Бұрын онда шамамен 500 азаматымыз болған, қазір олар елден кетті, олардың көпшілігі Қазақстанда.

    Эфиопиядағы жағдай да осыған ұқсас – ол елде біздің бес азаматымыз ғана тіркелген. Олар елшілік қызметкерлері. Олардың екеуі сол жерде болады, олар Каирге барып дауыс береді деген шешім қабылданды", - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

    Референдум-2026: Украина мен Эфиопияда дауыс беру учаскелері ашылмайтын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.