jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Таяу шығыстағы қақтығыстың өршуі: Тоқаев Қатар әмірімен аймақтағы ахуалды талқылады

    Қасым-Жомарт Тоқаев, шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен
    Қасым-Жомарт Тоқаев, шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен. Фото: akorda.kz

    Президент Қатар мемлекетінің әмірімен телефон арқылы сөйлесіп, Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады.

    Президент аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, осынау күрделі кезеңде Әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін айтты.

    Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдауы үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты достық және стратегиялық серіктестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

    Қазақстан Президенті қасиетті Рамазан айында Қатар Әмірінің мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Қатар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

    Таяу шығыстағы қақтығыстың өршуі: Тоқаев Қатар әмірімен аймақтағы ахуалды талқылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.