jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Дубайда қазақстандықтардың үйлері зақымданды ма: СІМ өкілі жауап берді

    Дубай қаласы
    Дубай. Көрнекі фото: Christopher Pike/Getty Images

    Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев брифингте Дубайда Қазақстан азаматтарының үйлері зақымданғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Журналистердің бірі Дубайда зымыран түскен ғимарат "қазақстандықтардың резиденциясы" деп аталып жатқаны туралы ақпарат шыққанын айтты. Желідегі ақпаратқа сәйкес, сол ғимаратта 96 Қазақстан азаматының пәтері бар.

    Сол ғимараттағы "пәтерлердің бірі сенаттың бұрынғы спикері Қайрат Мәмидің ұлына тиесілі" деген де ақпарат айтылды.

    Әлібек Бақаев Сыртқы істер министрлігінде бұл пәтерлердің кімге тиесілі екені туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

    "Дубайда, Таяу Шығыста отандастарымыз жүр, бірақ олардың қайда тұратыны немесе қандай мүлкі бар екені туралы бізде ақпарат жоқ. Қазақстан азаматтарынан ешқандай өтініш түскен жоқ. Бірде-бір Қазақстан азаматы қайтыс болған жоқ", - деді министрлік өкілі.

    Дубайда қазақстандықтардың үйлері зақымданды ма: СІМ өкілі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.